Қанша қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алады

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін, 2024 жылғы 26 ақпанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын азаматтар туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 1 ақпанда 262 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2024 жылғы 1 ақпанда 49,7 мың отбасындағы 262,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 ақпанда АӘК алушылар қатарындағы мектеп жасына дейінгі 80,6 мың балаға 446,2 млн теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript