Жетісу облысында мерзімді әскери қызметші қарудан жараланып, қаза тапты

Жетісу облысында мерзімді әскери қызметші қарудан жараланып, қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 19:28 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 23 қыркүйекте, Жетісу гарнизонында жауынгерлік дайындық сабағы кезінде қайғылы жағдай болып, бір мерзімді әскери қызметші көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға "Жетісу" оқу-жаттығу полигонында болған.

"Жауынгерлік дайындық сабақтары барысында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуына байланысты Жетісу гарнизоны Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің мерзімді әскери қызметшісі өмірге қауіпті оқ жарақатын алды", - делінген хабарламада.

Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар Десанттық-шабуылдаушы әскерлерде тергеу амалдары жүріп жатқаны айтылды. Егер жауапты тұлғалардың немқұрайлылығы немесе бақылаусыздығы анықталса, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.

Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды.

"Қарулы күштердің басшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп толықтырды Десанттық-шабуылдаушы әскерлердің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, осындай қайғылы жағдай биыл тамыз айында Алматы облысында да болған еді. Дауыл кезінде Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің мерзімді сарбазы қаза тапқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: