Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза болды

Жетісу облысындағы оқу-жаттығуда 18 жастағы жауынгер қаза болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2025 14:26 Сурет: pexels
Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды. Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде 18 жастағы қатардағы жауынгер оқ жарақатынан қаза болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство қайғылы жағдайдың 14 қаңтар күні Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің даладағы оқу-жаттығу кезінде болғанын растап отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Баспасөз хабарламасында жауынгер қарумен жұмыс істеу кезінде ереже бұзған дейді. 18 жастағы Дастанның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Онда құрлық әскерлерінің бас қолбасшысымен бірге арнайы комиссия құрылыпты.

Командирлері марқұмның қызметін тиянақты атқарғанын, қаруластарының ортасында абыройлы болғанын айтты.

"Ата-анасы мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине, жақсы түсінеміз, қайғысына ортақпыз. Әр командирге жауынгердің қазасы —  қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Оларға барлық қажет көмек көрсетіледі".ҚР Құрлық әскерлері баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: