Қатардағы жауынгер басына тиген оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақ жауынгері басынан алған жарақатынан қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2023 14:54 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
9 қазанда 6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Сұлтанов Қайсар Маратұлы әскери қалашықты күзету жөніндегі кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Штаб бойынша кезекші және кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты өз бекетінде басына тиген оқ жарақатымен тапты. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеу жүргізілуде.


"6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады." ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: