Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты

Маңғыстау облысында полигондағы оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2024 10:34 Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің оқу-жаттығу жиыны кезінде қайғылы оқиға болды – 19 жастағы сарбаз жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, сағат 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші гвардия лейтенанты Досов Дамир Нұрланұлы ПМ 9 мм тапаншасынан рұқсатсыз оқ атып, гвардия сарбазы, қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың (1-2024 жылғы шақырылым) бетіне тиген. 

Жәбірленуші ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "өлім қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан болған".

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: