Тоқаев: Қазіргідей алмағайып кезеңде бәріміз БҰҰ позициясының нығаюына ықпал етуіміз қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 00:04 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықтағы маңызды рөлін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ұйымның сексен жыл бойы ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, орнықты даму және адам құқығын қорғау саласындағы белсенді қызметіне ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, Тоқаев қазіргі жаһандық ахуалдың күрделі әрі өзгермелі екенін, көпжақты халықаралық институттарға деген сенімнің төмендеп бара жатқанын айтты. Ол халықаралық құқықтың жиі бұзылуы әлемдік тұрақтылыққа зиян келтіріп, мемлекеттер арасындағы сенімді азайтқанын атап өтті.

"Қиын-қыстау уақытта біз бәріміз БҰҰ позициясын күшейтуге және ұйымның заман талабына сай бейімделуіне ықпал етуіміз керек. Өзара түсіністік пен ынтымақтастық соғыс өртінен басым болуға тиіс", - деді Президент.

Тоқаев сонымен қатар қазіргі көшбасшылардың әрекетсіз қалуға құқығы жоқ екенін ескертті, өйткені олардың шешімдері келешек ұрпақ тағдырын айқындайды. Мемлекет басшысы халықаралық қауымдастықты бейбітшілік пен жауапкершілік жолында бірге жұмыс істеуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: