Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Қазақстанның Кениядағы елшісін және БҰҰ жанындағы тұрақты өкілін тағайындады

Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілері, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2023 17:09 Сурет: Zakon.kz
2023 жылғы 14 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Эфиопиядағы елшісін және Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық бойынша:

  • Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  •  Асқар Әбдірахманов Париж қаласындағы (Француз Республикасы) Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: