Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілін қабылдады

БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2022 13:55 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллинді қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Президент Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақан Рахметуллинге БҰҰ күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселеге қатысты жұмыстарды белсенді жалғастыруға және осы әмбебап ұйыммен өзара іс-әрекет бойынша жаңа әрі ұзақ мерзімді тәсілдерді әзірлеуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: