Ақтөбе облысының шаруалары киік аулауға рұқсат сұрап отыр
Фото: wikimedia/Andrey Giljov
Ақтөбе облысында шаруалар киік аулауға рұқсат беруді талап етіп отыр. Себебі: жосыған дала жануарлары егіндік алқап пен жайылым жерлерді таптап тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK ақпаратына сүйенсек, мыңғырған киік мал басын азайтып жіберуі мүмкін. Өйткені ақбөкен таптаған жерден шөп шабылмай, қысқы азық жылдағыдан аз жиналған. Сондай-ақ егін алқаптары талқандалып жатыр. Бір ғана Әйтеке би ауданында 12 мың гектар жерге егілген бидай алқабы тапталған.
Қазір Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарының аумағында ақбөкен аулауға рұқсат бар. Бірақ көршілес Ақтөбе өңірі ол тізімде жоқ. Сондықтан ақтөбелік шаруалар киіктен жерімізді қорғауға рұқсат берсін дейді.
"Егістіктерді киіктерге таптатпау мақсатында 23 адамнан сегіз топ құрылып, Әйтеке би ауданындағы сегіз шаруашылықтың жері бекітіліп берілді. Оның ішінде 15 автокөлік, 23 адам жұмылдырылып, оның ішінде жолда өтімді автокөліктер де бар. Егістік жерді қорғау жұмысын жүргізеді". Нұрбек Райымбаев, Ақтөбе облысы ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы:
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Әйтеке би ауданында суатқа түскен мыңдаған киік өзен жағасында бірін-бірі таптап өлтірген еді. Бұған да ақбөкен басының тым көбеюі себеп дейді. Ал жергілікті биліктегілер киікті үркіту үшін жұмысшылар шығардық деп отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript