Тоқаев елдің энергетикалық қауіпсіздігін және дербестігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет екенін айтты

Тоқае елдің энергетикалық қауіпсіздігін және дербестігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2025 15:19 Сурет: akorda.kz
Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі жиынында атом саласын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы көтерілген маңызды мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетінін айтып, өз пікірін ортаға салған ғалымдарға ризашылығын білдірді.

"Елдің энергетикалық қауіпсіздігін және дербестігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет. Біз түрлі салаға озық технологияларды енгізіп жатырмыз. Ауқымды жобалар қолға алынуда. Оның бәрін табысты жүзеге асыру үшін электр энергиясы жеткілікті болуы қажет. Сондықтан біз қуат көздерін жан-жақты жаңғырту жұмыстарын бастадық. Ең бастысы, ядролық энергетиканы дамытуға бет бұрдық. Жалпыұлттық референдумда атом электр станциясын салу жөнінде шешім қабылдадық. Шын мәнінде, атом энергиясы – еліміз үшін өте маңызды, қажетті қуат көзі. Біз ғана емес, күллі жаһан жұрты осы саланы дамытуға мықтап кірісіп жатыр".

Осыны айта келе мемлекетт басшысы Дүние жүзінде 416 атом реакторы жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

"Мысалы, АҚШ-та 94 ядролық реактор бар, бірақ өзінің уран өндірісі аз, сондықтан америкалық нарықтың 24 пайызын Қазақстан қамтамасыз етеді. Францияға қатысты жағдай да сондай іспетті, 50-ден астам ядролық реакторға Қазақстанда өндірілген уран қолданылады. Қазір 31 мемлекетте ядролық энергия өндіріледі. Бұл – әлемдегі әрбір алтыншы ел бейбіт атомның игілігін көріп отыр деген сөз. Тағы жиырмаға жуық мемлекет ядролық реактор салуды жоспарлап отыр. Біз осы салада озық технологиясы бар елдермен ынтымақтастыққа баса мән береміз", – деді Президент.

Бұған дейін жиында мемлекет басшысы экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты екенін айтқан болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: