Қостанай облысында жүк көлігі жанармай бекетіне соғылды
Сурет: видео скрині
Shacman маркалы жүк көлігі Тобыл кентіндегі автожанармай станциясына соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2025 жылғы 27 қыркүйек күні таңертең болғанын өңірлік "Наша газета" басылымы жазды.
Алдын ала мәлімет бойынша, Тобыл кентіндегі "Мұнай Өнімдері" желісіне қарасты жанармай бекетіне зақым келген.
Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық куәландыру жүргізушінің мас болмағанын көрсетті.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript