Жетісу облысындағы ең қарт тұрғын 108 жасқа жетті

Жетісу облысындағы ең қарт тұрғын 108 жасқа жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 19:31 Сурет: Zakon.kz
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Жетісу өңірінде ғасырдан асқан 22 ұзақ ғұмыр иесі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректеріне сәйкес, өңірдің ең қарт тұрғыны – Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында тұрады. Биыл ол 108 жасқа толды.

Ұзақ жасаушылардың ең көбі – Панфилов ауданында. Мұнда 100 жастан асқан 11 адам тұрады. Одан кейін Талдықорған қаласы орналасқан, онда бес қария бар. Олардың арасында биыл 101 жасқа толған Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер Ысқақ Құсайынов бар.

Кербұлақ ауданында – үш, Ескелді ауданында – екі, Қаратал ауданында бір ұзақ ғұмыр иесі өмір сүріп жатыр.

"Облыстың ең қарт тұрғындары Кербұлақ және Панфилов аудандарында тіркелген. Олардың жасы –  108 және 107-де", - делінген Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әкімдік мәліметінше, бүгінде Жетісу облысында 95 мың зейнеткер бар. Өңірде бір ғана Ұлы Отан соғысының қатысушысы және 1 800 тыл ардагері тұрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: