Тұман, үсік, екпіні күшті жел мен жауын-шашын: Қазақстан өңірлерінде ауа райы күрт өзгереді

Тұман, үсік, қатты жел мен жауын-шашын: Қазақстан өңірлерінде ауа райы күрт өзгереді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2025 19:43 Сурет: unsplash
1 қазанда Қазақстанның бірнеше облысында қолайсыз ауа райы сақталады: кей өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсіп, тұман, үсік жүріп, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 01 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 01-03 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Талдықорған қ.: 01 қазанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Атырау облысының солтүстік-шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 01 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматы қ.: 01 қазанда таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Қонаев қ.: 01 қазанда шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 01 қазанда түнде топырақ үстінде 3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 01 қазанда күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Петропавл қ.: 01 қазанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: