Каспий жағалауы да АЭС салуға ықтимал орын ретінде қарастырылып жатыр
Фото: pexels
2025 жылғы 1 қазанда Мәжілісте өткен жиын барысында Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сатқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салуға әлеуетті орын ретінде Каспий теңізінің жағалауы да қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Спикердің айтуынша, АЭС салуға қарастырылып жатқан тағы бір аймақ – Қазақстанның батыс өңірі.
"Каспий жағалауы – нақтылау жүргізілмегенімен – шағын және орта қуатты реакторлары бар атом станциясын орналастыруға ықтимал орын ретінде қарастырылып отыр. Осыған байланысты барлық негізгі МАГАТЭ талаптарын ескере отырып, тиісті зерттеулер жақын арада жүргізілетін болады", – деді Сатқалиев.
Ол агенттіктің жоспарында – Батыс Қазақстан аумағын зерттеу арқылы АЭС салу мүмкіндігін қарастыру бар екенін айтты.
"Біз бұл аумақтың перспективалы екенін түсінеміз, себебі бұған дейін онда ядролық нысан болған және оны пайдаланудың белгілі бір тәжірибесі бар", – деп қосты ол.
Бұған дейін екінші АЭС-те Алматы облысында салынуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript