Шымкентте тұрғын үй кешені құрылысы кезінде 24 жастағы жігіт қаза тапты

Шымкентте тұрғын үй кешені құрылысы кезінде 24 жастағы жігіт қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 13:12 Сурет: otyrar.kz
Шымкентте салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде 24 жастағы жігіт белгісіз жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта ол лифт шахтасына құлап кеткені айтылған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Қайғылы жағдай жұмыс уақытында болғанымен, құрылыс алаңында жауапты тұлғалардың ешқайсы болмаған. Марқұмның туыстары оқиғаны растады, бірақ түсінік беруден бас тартты. Құрылыс компаниясы да ресми жауап ұсынбады.

Шымкент бойынша еңбек департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға туралы оларға полиция хабарлаған.

"Полициядан түскен ақпаратқа сәйкес, "Айна Мэйр Хаус" ЖШС-не тиесілі құрылыс алаңында Үмітжан Балтабаев белгісіз жағдайда құлап, қаза тапқан. Тергеу бастау үшін бізге жұмыс берушіден 24 сағат ішінде ресми хабарлама түсуге тиіс. Сол негізде комиссия құрылып, 10 жұмыс күні ішінде тексеру жүргізіледі. Бүгінгі күнге дейін жұмыс берушіден ешқандай хабарлама түскен жоқ", - деді Еңбек комитетінің Шымкент бойынша департаменті бөлімінің басшысы Алжан Мадалиев.

Оның айтуынша, қаза тапқан жігіттің аталған компанияда ресми түрде жұмыс істегені әзірше белгісіз. Инспекция полицияға прокуратурадан жоспардан тыс тексеруге рұқсат алу туралы хат жолдаған. Егер қадағалау органы мақұлдаса, тексеру басталады.

Ал Шымкент полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бабымен іс қозғалғанын хабарлады.

"Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады", - делінген полиция мәлімдемесінде.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: