Астанада үш жұмысшы салынып жатқан тұрғын үй кешенінде бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Желіде Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде үш ер адамның бесінші қабаттан құлап, жарақат алғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, оқиға 18 қарашада Attila тұрғын үй кешені құрылысы жүріп жатқан аумақта болған. Үш құрылысшы құрылыстық көтергішпен бірге шамамен бесінші қабаттан құлап кеткен. Олар ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Астана полиция департаменті Zakon.kz-ке берген мәліметінде бесінші қабаттан жұмысшылардың құлау фактісі бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу белгілерімен қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Құрылыс люлькасының құлауы салдарынан үш ер адам зардап шекті. Олар медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомство өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript