Атырауда бесінші қабаттан құлаған жұмысшы қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Оқыс оқиға Атыраудағы тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында орын алды. Бесінші қабаттан екі жұмысшы құлап, біреуі сол жерде тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 қаңтарда сағат 11:15 шамасында болған. 43 жастағы ер адам алған ауыр жарақаттары салдарынан қайтыс болды, ал 33 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлады полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары басқа ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
Бұған дейін Ақмола облысында жеңіл автокөліктер мен екі жүк көлігі боранды күні жолда қалып қойғандығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript