Ақмола облысында жеңіл автокөліктер мен екі жүк көлігі боранды күні жолда қалып қойды

Ақмола облысында жеңіл автокөліктер мен екі жүк көлігі боранды күні жолда қалып қойды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.01.2025 12:28 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақмола облысы Үштар ауылының маңында "Қорғалжын-Баршын" автожолының 38 шақырымында екі жүк және екі жеңіл автокөлік қар құрсауында тұрып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, көлік жүргізушілері құтқарушылардан көмек сұраған. 

"30 градус аязда ТЖМ құтқарушылары адамдардың шақыртуына келді. Құтқарушылар 7 адамды Қорғалжын ауылының жылыту пунктін жеткізіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Оларға медициналық көмек қажет емес еді",- делінген ақпаратта. 

Құтқарылғандар ТЖМ қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, жолға шықты.

Бұған дейін аязға байланысты бірнеше өңірдегі мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшкендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: