Алматыда екіқабатты қоймадан шыққан алапат өрт сөндірілді

Өрт, Алматы, Жетісу ауданы, екіқабатты қойма , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2025 11:17 Сурет: ҚР ТЖМ
Алматыда Жетісу ауданында болған екіқабатты қойма өрті сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі 2025 жылы 23 қарашада 2500 метр ауданды қамтыған алапат өрт сөндірілгенін хабарлады.

"Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтарының едәуір бөлігі өрттен аман сақталып қалды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

23 қарашада таңертең Жетісу ауданында жеке тұрған екіқабатты қойма өртеніп, өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары дабыл белгісі бойынша атанған болатын. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіруші автопойызы тартылды.

Айта кетсек, 2025 жылы 20 қарашада Қызылорда облысында тас жол бойында мұнай таситын техника отқа оранды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: