Қызылорда облысында тас жол бойында мұнай таситын техника өртенді

Өрт, Қызылорда облысы, тас жол, мұнай таситын техника , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2025 20:00 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
20 қарашада облыстық маңызы бар Қызылорда-Тереңөзек тас жолы бойында мұнай таситын техниканың кабинасынан өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері шұғыл жетті.

"Өрт сөндірушілер келгеннен кейін көлік құралының кабинасы жанып жатқаны анықталды. Жүргізушінің нақтылаған мәліметтері бойынша, өрт шыққан кезде цистерна бос болған. ТЖМ құтқарушылары дереу өртті сөндіруге көбік беріп, өртті толығымен сөндірді", делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Алғабаста 12 адамның өмірін қиған өрттің неден шыққаны айтылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: