СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өрт сөндірушілер 2025 жылы 8 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысы, Тепличное ауылындағы екіқабатты қонақ үйден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылында Қонаев көшесі бойындағы екіқабатты қонақ үйде өрт орын алды.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт тез арада сөндірілді, бұл өрттің бүкіл алаңға таралуының алдын алуға мүмкіндік берді", делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін елордалық ТЖД қала тұрғындарына жүгініп, мәлімдеме жасаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript