Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Оралда өрт сөндірушілер отқа оранған жолаушылар автобусын сөндірді. От көліктің мотор бөлігінен шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 желтоқсанда Сырым Датов көшесі бойында жолаушылар автобусының мотор бөлігінде өрт шықты.
ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Бұған дейін Қостанай облысында төтеншеліктер қар құрсауында қалып кеткен екі балықшыны құтқарған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript