Қостанай облысында төтеншеліктер қар құрсауында қалып кеткен екі балықшыны құтқарды

Қар құрсауы, Қостанай облысы, балықшылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2024 11:48 Сурет: pixabay
Қостанайлық құтқарушылар 22 желтоқсанда таңертең қар құрсауында қалып кеткен балықшыларды тауып, аман-есен үйіне жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңертең, Қарасу ауылының жанында, Қойбағар көлінің маңында екі ер адам мінген жеңіл көлік қарға батып, боранда қалып кеткен.

"Қатты жел мен төмен температура жағдайды нашарлатып, олардың өміріне нақты қауіп төндірді. Көмек сұраған белгі түсе салысымен, құтқарушылардың кезекші ауысымы оқиға орнына жедел аттанды. Арнайы техниканы қолдана отырып, құтқарушылар көлікті қар құрсауынан эвакуациялап, балықшыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады". Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай облысы ТЖД  өңір тұрғындарына қыс мезгілінде қаладан тыс жерлерге шығу кезінде аса сақ болу қажеттігін еске салады. Мұндайда ауа-райы болжамын алдын ала біліп, жылы киім, жанармай қоры және байланыс үшін зарядталған телефон болуы маңызды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: