ШҚО-да қатты боранда қар құрсауында қалып кеткен жүргізушілерге полицейлер көмектесті
Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында қатты боранда қар құрсауында қалып кеткен жүргізушілерге полицейлер көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік инспектор Дархан Гайсин оқиға орнына хабар түскеннен кейін шыққан. Ең алдымен, ол суықтан, стресс салдарынан жағдайы нашарлаған ер адамға көмек көрсетіп, оған жедел жәрдем шақырған.
"Кейіннен тәртіп сақшысы бұл жүргізушінің қар құрсауында қалған жалғыз адам емес екенін байқаған. Ол құтқарушылардың жұмысын үйлестіріп, өзі де көліктерді қардан шығару жұмыстарына қатысты", делінген хабарламада.
ШҚО сақшылары ауа райының нашарлауына байланысты өңір тұрғындарын алыс сапарларға шықпауға шақырамыз. Жүргізушілерге жолда міндетті түрде жол жағдайы туралы жаңалықтарды тұрақты түрде бақылап отыру ұсынылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript