Қостанай облысында Жаңа жыл түні қар құрсауында қалып кеткен көлікке көмек көрсетілді

Қар құрсауы, Қостанай облысы, жеңіл көлік, құтқарушылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2025 11:42 Сурет: pixabay
Жаңа жылда түнде Қостанай облысында жеңіл көлік қар құрсауында қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарасу ауданындағы аттас ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып кеткен.

"1995 жылы туған ер адам 112 нөмірі бойынша құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар жоғары өтімді техникамен жедел аттанып, автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізуші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген хабарламада.

Бұған дейін Жаңа жыл түні елімізде 181 сәби дүние келгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: