Қазақстанда Жаңа жыл түнінде 181 сәби дүниеге келді
Сурет: pixabay
Жаңа жыл қарсаңында республикамыздың перзентханаларында 181 сәби дүниеге келді, оның ішінде 105 ұл мен 76 қыз бала, Маңғыстау облысында бір егіз бала бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке түнінде туған нәрестелердің ең көбісі Түркістан облысында тіркелді – 34 сәби.
"Екінші орында әрқайсысында 17 баладан дүниеге келген Алматы қаласы мен Алматы облысы тұр. Туу бойынша көшбасшылардың үштігін Шымкент қаласы түйіндейді, мұнда 16 отбасы адам басымен толықты", делінген тиісті ведомство ұсынған мәліметте.
Республикамыздың астанасында Жаңа жыл қарсаңында тура өткен жылдағыдай 10 сәби дүниеге келді.
Айта кетсек, Жаңа жыл қарсаңында "SOS Астана балалар ауылы" ұйымының балалары үшін қайырымдылық акциясы өтті. Бұл мекеме ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға пана болып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript