-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Боран, қар, көктайғақ, 8 желтоқсан, Қазақстан, ТЖМ, ескерту, аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 22:57 Сурет: pexels
Алдағы күндері бүкіл Қазақстан аумағында ауа райында өзгерістер болатыны ескертілді. Бұл туралы 8 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрлігі құлақтандыру жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, қатты аяз, көктайғақ болады, қар жауып, боран соғады, тұман түседі және жел екпін алады деп күтіледі.

Ең төмен ауа температурасы -20, -33 °C-ді құрап, мына өңірлерде тіркеледі:

  • Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстары.

СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады деп күтіледі.

Ал Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда облыстарында көктайғақ болады деп болжанады.

"ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жол жүруді шектеуді, жылы киінуді және болжамдарды қадағалауды ескертеді", делінген хабарламада.

Бұған дейін 8 желтоқсанда синоптиктер Астана, Алматы және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: