Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады

Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2025 18:10 Сурет: Zakon.kz
Алматы төтенше жағдайлар департаменті алдағы күндері ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖД мұны "Қазгидромет" жариялаған дауылды ескерту негізінде таратып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 8 желтоқсанда таулы аймақтарда қар мол жауып, көктайғақ болады.

Алматыда тұман түсіп, температура төмендейді, таулы өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Құтқарушылардың ұсыныстары:

  • қозғалыс бағытын жолдың жағдайына қарай алдын ала жоспарлау;
  • қала қонақтары мен туристерге тауға шығудан бас тарту;
  • егер тауда жүрсеңіз, кешкі уақытты күтпей, ертерек қаланың төменгі бөлігіне қайту, себебі ауа райы күрт нашарласа, кері жолды табу қиындайды;
  • автокөліктерді ағаштардың астына қоймау;
  • нашар бекітілген құрылымдардың маңында тұрмау, олар құлап кетуі мүмкін.

Алдағы күндері суық түсуіне байланысты:

  • пеш қолданатындар түтін мұржасының тығыз жабылғанын және дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеруі керек, бұл улы газдың үйге тарауына жол бермейді;
  • электр желілерін шамадан тыс қолданбаған жөн.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: