ТЖД алматылықтарға маңызды үндеу жасады

ТЖД алматылықтарға маңызды үндеу жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2025 20:51 Сурет: unsplash
2025 жылғы 29 сәуірде Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті “Қазгидромет” РМК жариялаған дауылды ескертуге байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында Алматыға жақын таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Соған байланысты тау бөктерлерінде су ағындарының пайда болуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.


"Жеке тұрғын үй иелері нөсерлі жауын-шашынды суағарлар және басқа да дренаж жүйелері арқылы қауіпсіз өткізу үшін алдын ала дайындық шараларын қабылдауы қажет. Сонымен қатар 30 сәуір күні найзағай ойнап, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр. Туристерге және қала тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты алдағы күндері тауға шығу жоспарларын кейінге қалдыру ұсынылады, - делінген ТЖД хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: