Алматылықтарға неліктен тауға барудан бас тарту ұсынылды
Бүгін, 20 қыркүйекте Алматының тауларында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 17-22 м/с жетуі мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуіне сілтеме жасап хабарлады.
Қала қонақтары мен тұрғындарына жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде серуендеуден бас тартуға қатаң кеңес беріледі.
"Абайлаңыз! Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Нөсер жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты желден хабар болған жағдайда, дауыл тұрғанда ауа райы қолайлы болғанша таулы аймаққа сапарды кейінге қалдырған дұрыс."Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Егер алматылықтар мен мегаполис қонақтары тауға барса, департаменттің оларға ұсынысы:
- үйге қайтуды кешіктірмеңіз, өйткені қайту жолын таппай қалу қаупі бар;
- Ешқашан тауға жалғыз бармаңыз;
- отбасыңыз бен достарыңызға тау бағыты мен ықтимал орналасу орны туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі хабарлаңыз.
Сонымен қатар Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тауға шыққанда сөмкеде не болуы керек екенін айтты: "Жылы киім, төтенше жағдайда алғашқы медицина көмегін беруге арналған жол жүру қобдишасы және GPS навигаторларының болуы артық болмайды".
Қазақстанда ауа райының кенеттен өзгеретіні және қолайсыз болатыны бұрын хабарланған еді.