Алматыда электрдабылдар 30 секундқа қосылады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2022 10:49 Сурет: unsplash
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 29 қыркүйек күні сағат 12.55 облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар 30 секундқа қосылатынын хабарлады.

Осыған орай, сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - деді ТЖД.

Сонымен қатар Алматы облысының ТЖД төтенше жағдайлар орын алғанда жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.

Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

  • радио және теледидарды қосыңыз;

  • шұғыл хабарды тыңдаңыз;

  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

  • көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

  • берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: