ТЖМ-нің өкілеттігі кеңейтілді

Министерство по чрезвычайным ситуациям РК, МЧС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 15:08 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтің 2026 жылғы 22 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулыға сәйкес, ТЖМ-ге бірқатар жаңа функциялар берілді.

Атап айтқанда, министрлік табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу қағидаларын әзірлеп, бекітетін болады.

Сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қағидаларына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қызметтер көрсетіп, осы қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлеп, бекітеді.

Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап министрлік азаматтық қорғау саласындағы жұмылдыру тапсырыстарын орындауға қажетті тауарлар көлемін айқындау мақсатында тиісті ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізеді.

Сонымен қатар ведомствоның бірқатар функциялары нақтыланды.

Атап айтқанда, ТЖМ:

  • арнайы оқу орнының цифрлық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды әзірлеп, бекітеді (2026 жылғы 11 шілдеден бастап);
  • жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп еңбек нарығының кәсіби біліктіліктерді тануға деген сұранысын жыл сайын айқындайды (2026 жылғы 1 шілдеден бастап);
  • азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесіндегі корпоративтік цифрлық жүйе мен ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмысын қамтамасыз етеді (2026 жылғы 11 шілдеден бастап);
  • азаматтық қорғау органдарында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етеді (2026 жылғы 11 шілдеден бастап).

Құжатта төтенше жағдайлар министрі Құрылтайда, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда министрліктің атынан өкілдік ететіні көрсетілген.

Қаулы жекелеген нормаларды қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: