Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

Министерство транспорта РК, МТ РК, Министерство промышленности и строительства РК, МПС РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2026 09:54 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтің 2026 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережеде министрліктің бірқатар функциясы жаңа редакцияда жазылды:

  • цифрлық жүк әуе жүкқұжатының нысанын әзірлеу және бекіту;
  • азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның ұсынуымен комиссия құру;
  • азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларын әзірлеу және бекіту.

Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай жаңа функциялар қолданысқа енгізіледі:

  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын резервтен шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы салаларындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару туралы шешім қабылдау;
  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемі, сондай-ақ номенклатура өзгерген кезде оларды резервтен шығару жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлеміне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын жеткізуге тапсырыстар орналастыру;
  • жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару туралы шешім қабылдау;
  • мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша, алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жаңартылуға жататын жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз беру;
  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау.

Сондай-ақ министрлікке мынадай функциялар жүктелді:

  • авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту;
  • жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау мен жаңартуды ұйымдастыру.

Қаулы бірқатар абзацты қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: