Денсаулық сақтау министрлігіне адам саудасымен күресу бойынша бірқатар функциялар жүктелді

Денсаулық министрлігінің қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2024 16:10 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы құжат Денсаулық сақтау министрлігінің функцияларын толықтырады:

  • Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары деп танылған және анықталған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмектің тізбесі мен көлемін айқындау;
  • адам саудасының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауға қатысу және оларды барынша азайту жөнінде ұсыныстар енгізу;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасының құрбандарын оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін қайта жіберуге қатысу;
  • ішкі істер органдарына белгілі болған адам саудасымен байланысты алдағы немесе аяқталатын қылмыстардың фактілері туралы хабарлау;
  • халықты адам саудасына қарсы күрес саласындағы қызмет нәтижелері туралы хабардар ету;
  • адам саудасының құрбандарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу.

Сондай-ақ басқарма Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, пана іздеушілерге, айналадағыларға қауіп төндіретін ауруларға байланысты медициналық көмек көрсетудің тізбесі мен көлемін Мемлекеттік медициналық көмек қоры шеңберінде айқындайды. 

Қаулы 2024 жылғы 23 желтоқсанда күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: