Ұлттық экономика министрлігіне жаңа функциялар жүктелді

Министерство национальной экономики РК, МНЭ РК, Министерство торговли и интеграции РК, МТИ РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2025 09:59 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2025 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның функцияларына қосылған міндеттер:

  • көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және шаралар қабылдау;
  • мемлекеттік заңды тұлғалар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне функционалдық шолу жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту.

Сонымен қатар, министрліктің кейбір функциялары өзгерді:

  • әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамды көрсеткіштерін есептеуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
  • арнайы комиссияны құру ережелері мен арнайы комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;
  • қару-жарақ пен әскери техника өнімдеріне, аса маңызды азаматтық өнімге, сондай-ақ жоғары қауіпті нысандарға, халықты өмірмен қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық мұра болып саналатын нысандарға арналған техникалық құжаттаманың сақтандыру қорын құру, сақтау және пайдалану ережелерін әзірлеу.

Қаулы 2025 жылғы 13 тамыздан бастап күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: