Ұлттық экономика министрлігіне жаңа функция берілді
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен ҚР Ұлттық экономика министрлігі туралы Ережеге толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түзетулерге сәйкес, Ұлттық экономика министрлігіне жаңа функция жүктелді:
- табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту.
Қаулы 2025 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енді.
Бұған дейін сумен жабдықтау жүйелерін салуға және реконструкциялауға бөлінетін субсидиялардың қағидалары жайлы жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript