Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық экономика министрлігіне жаңа функциялар қосылды

Ұлттық экономика министрлігіне жаңа функциялар қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 11:00 Сурет: Ұлттық экономика министрлігі
Үкімет 2024 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеге тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның жаңа функцияларына мыналар кірді:

  • мемлекеттік органдарға қатысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 85-2-бабына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласында мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
  • мерзімді тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарының нысанын, тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру және қайта бастау туралы актілердің нысандарын, тексеру мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысанын, кәсіпкерлік субъектілерін қорғау саласындағы мерзімді, жоспардан тыс тексеру және қашықтықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындылардың нысандарын әзірлеу және бекіту;
  • бірнеше салалық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын экономиканың әртүрлі салаларында көрсетілетін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылық және мүліктік қолдау көрсету үшін қажетті қолдау тәртібін, нысандарын, өлшемдерін және басқа да жағдайларды әзірлеу;
  • бірнеше салалық мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын экономиканың түрлі салаларында көрсетілетін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсету үшін қажетті қолдау тәртібін, нысандарын және басқа да жағдайларды әзірлеу;
  • реттеуші мемлекеттік органдар айқындайтын реттеуші актілерге кейіннен талдау жүргізу мерзімдерін келісу;
  • энергия беруші ұйымдар бір күнтізбелік жылға бір тұтынушыға шаққандағы ажыратулар санының орташа көрсеткішін және бір күнтізбелік жылға бір тұтынушыға шаққандағы ажыратулар ұзақтығының орташа көрсеткішін асырған жағдайда тұтынушы пайдаланған электр энергиясы үшін бұрын өндірілген соманы қайта есептеу және (немесе) қайтару жолымен Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі кәсіпкерлік субъектілеріне Автоматты өтеу әдістемесін әзірлеу және бекіту.

Сонымен қатар, бірқатар функциялар түзетілді:

  • жеке кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету кезінде талаптардың сақталуы тұрғысынан жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, ҚР халықаралық шарттарының жобаларын, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын ҚР қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың сараптамалық кеңестерінің қарауын ұйымдастыру.

Қаулы 2024 жылғы 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: