Көлік министрлігіне жаңа функциялар берілді
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен ҚР Көлік министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, ереже министрліктің жаңа функцияларымен толықтырылды:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
- "электрондық үкімет"архитектурасын іске асыруды қамтамасыз ету;
- "электрондық үкіметтің"ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту;
- платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру;
- электрондық ақпараттық ресурстарды толтыруды жүзеге асыру, дұрыстығын және өзектілігін қамтамасыз ету;
- "электрондық үкіметті" дамытуға қатысу;
- жергілікті атқарушы органдардың өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның қарамағындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;
- "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері және "электрондық үкіметтің"ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасы туралы мәліметтерді есепке алуды және өзектендіруді жүзеге асыру;
- техникалық құжаттаманың түпнұсқаларын қағаз жеткізгіштерде сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
- "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың жоспарлары мен нәтижелері туралы жалпыға қолжетімді ақпаратты өзінің интернет-ресурстарында орналастыру;
- мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың дұрыстығын және өзектендірілуін қамтамасыз ету;
- ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
- кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту кезінде тиісті қызмет салалары мамандарының цифрлық сауаттылық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
- операторға "электрондық үкімет" веб-порталын ақпараттық толықтыру үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды ұсыну;
- өз құзыреті шегінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жататын объектілерді айқындау;
- ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдары мен арнаулы мемлекеттік органдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының қызметкерлерін ақпараттандыру объектілеріне қолжетімділікпен жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
- ҚР Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда, деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес деректерді талдауды жүзеге асыру үшін операторға электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беру;
- деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасына деректерді беру;
- "электрондық үкімет" архитектурасын іске асыруды, оған қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ республика заңнамасына сәйкес ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесін" дамытуға қатысу;
- мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау;
- көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау;
- мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің реинжинирингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша оны ҚР заңнамасына сәйкес электрондық форматқа көшіру жөнінде шаралар қабылдау;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;
- ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету;
- егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның қолжетімділігін ұсыну;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға ұсыну;
- өз аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін ҚР заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру;
- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу;
- көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз ету;
- қатынас жолдарын техникалық жабу қағидаларын әзірлеу;
- ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, қызмет көрсету, күтіп ұстау, жөндеу және салуды жоспарлау қағидаларын әзірлеу және бекіту.
- Сонымен қатар, жаңа функциялар 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді:
- жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
- жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
- жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі бойынша ұсыныстарды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға енгізу.
Бірқатар функциялар жаңа редакцияда көрсетілген.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript