ТЖМ-ға жаңа функциялар қосылды

Үкіметтің 2025 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, министрлікке жаңа функциялар қосылды:
- азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін бекітеді;
- құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп психологиялық-социологиялық зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістерін бекітеді.
Келесі тармақша жаңа редакцияда жазылды:
- азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) есептеу тәртібі мен әдістерін бекітеді.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript