Энергетика министрлігіне жаңа функциялар қосылды

Энергетика министрлігіне жаңа функциялар қосылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 09:17 Сурет: egov.kz
Үкімет 2025 жылғы 21 сәуірдегі қаулысымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ережеге толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоға келесі функциялар қосылды:

  • сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін келісу, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
  • Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтерді ұсыну.

Ал 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Энергетика министрлігі:

  • Мемлекеттік басқарудың реттелетін салаларында тауар биржалары арқылы міндетті түрде өткізуге жататын биржалық тауарлармен сауда-саттыққа мониторинг жүргізу;
  • сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітетін биржалық тауарлардың тізбесін, сондай-ақ оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келісу.

Қаулы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін нормаларды қоспағанда, 2025 жылғы 21 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: