Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды әскери барлауға тартуы мүмкін

Министерство обороны РК, МО РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 12:37 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Үкіметтің 2026 жылғы 12 маусымдағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулерге сәйкес, ведомствоның өкілеттіктері кеңейтілді:

  • өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті құқықтық актілер қабылдау;
  • мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратып алу;
  • өз құзыреті шегінде консультативтік-кеңесші және сараптамалық комиссиялар құру;
  • сотқа жүгіну;
  • тексерулер мен сараптамалар жүргізуге басқа ұйымдардың мамандарын тарту;
  • Қазақстан Республикасы азаматтарын Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарына штаттан тыс жедел қызметкер ретінде ерікті негізде тарту (жаңа норма);
  • заңнамада белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін ведомстволық ұйымдарға беру;
  • Қазақстан Президенті мен Үкіметіне министрлік қызметі аясындағы салаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • демеушілік және қайырымдылық көмекті, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық аясында көрсетілетін көмекті алу және пайдалану.

Сонымен қатар министрлікке жаңа функция енгізілді:

  • ол Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарына азаматтарды ерікті негізде штаттан тыс жедел қызметкер ретінде тарту тәртібін бекітеді.

Қаулы 2026 жылғы 27 маусымнан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: