Қазақстанның бірнеше өңірінде екпінді жел, шаңды дауыл және үсік күтіледі

Қазақстанның бірнеше өңірінде екпінді жел, шаңды дауыл және үсік күтіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2025 17:03 Сурет: pixabay
5 қазанда Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт нашарлайды. Көп өңірде солтүстік-шығыс пен батыстан соғатын күшті жел соғып, жылдамдығы 15-28 м/с-ке дейін жетеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, үсік және шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысыңда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың онтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1-3 градус үсік күтіледі. Талдықорған қ.: 05 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 05 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 05 қазанда кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 05 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 05 қазанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады

Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батыстан оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: