Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 6 қазанда Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитетінің төрағасы Алтай Әлі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі таратты.
"Қазақстан Республикасының Көлік министрінің бұйрығымен Әлі Алтай Сембекұлы Автомобиль көлігі және көлік бақылауы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Алтай Әлі бұл лауазымды 2023 жылдың қараша айынан бері атқарып келген.
Айта кетейік, бұған дейін, 2025 жылдың тамыз айында, Көлік вице-министрінің пара алу күдігімен ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ресми түрде аты-жөні аталмағанымен, осы оқиғадан кейін вице-министр Сатжан Аблалиев қызметінен босатылған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript