Астанада тұрғын үй құрылысына бөлінген миллиардтар ұрланды: сот үкімі шықты

Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу, АФМ РК, Агентство по финансовому мониторингу, финансовый мониторинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 15:43 Фото: АФМ РК
Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және ысырап ету фактісі бойынша "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz агенттігіне сілтеме жасап Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, істі агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті тергеген.

"Сот үкімімен ‘Дорстройтрест’ ЖШС басшысы Нұрабаев кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот 131 млн теңге көлеміндегі мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды. ‘Samruk-Kazyna Construction’ АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде жүр", — делінген ҚМА хабарламасында.

Агенттік мәліметінше, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ мен "Дорстройтрест" ЖШС арасында тұрғын үй құрылысына инвестиция салу туралы келісім жасалған. Осы келісім аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс төленген.

"Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған, қаражаттың бір бөлігі күдіктілердің өзге қарыздарын өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Бұдан бөлек, 650 млн теңге жалған келісімшарттар арқылы аффилиирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған", — делінген хабарламада.

Айта кетсек, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ бұрынғы басқарушы директорының халықаралық іздеуге жарияланғаны туралы 2025 жылғы 23 мамырда хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: