Қаржы мониторингі агенттігі 24 млрд теңгенің заңсыз айналымын анықтады

Деньги, тенге, национальная валюта, национальная валюта РК, национальная валюта Казахстана , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2025 15:15 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов 7 қазан 2025 жылы Үкімет отырысында экономикадағы ең көлеңкелі секторларды атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан бері жалпы айналымы 24 млрд теңгені құраған 81 қолма-қол ақша шығару тобы әшкереленген.

"Қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларына қатысқан 130 криптообмен пунктінің қызметі тоқтатылды. 16,7 млн USDT көлеміндегі виртуалды активтер тәркіленді. Сонымен қатар, көлеңкелі өндіріс аясында темекі мен алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаған 18 жасырын цехтың қызметі жойылды. 12 млрд теңгенің вейпі айналымнан алынған, бұл заңсыз нарық ауқымын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ 17 млрд теңгенің мұнай өнімі заңсыз экспортталмақ болған кезде ұсталды", – деді Бижанов.

Сонымен қатар, агенттік 62 жасырын ойынхана мен 11 онлайн-казиноның қызметін тоқтатқан.

Бұған дейін Қайрат Бижанов азаматтарды заңсыз құмар ойындарға тартатын блогерлер туралы мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: