Алматыдағы Райымбек батыр кесенесінің маңында музей мен заманауи мәдени кеңістік пайда болады

Алматыдағы Райымбек батыр кесенесінің маңында музей мен заманауи мәдени кеңістік пайда болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 19:17 Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Алматыдағы Райымбек батыр кесенесі аумағында абаттандыру мен құрылыс жұмыстары басталды. Жоба аясында тарихи нысанның айналасы жаңартылып, осы заманғы музей кешені салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Өңірлік rоммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Оның айтуы бойынша, жобаның басты мақсаты – кесене аумағын киелі әрі тартымды мәдени орталыққа айналдыру, қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи тұлғаның ерлігін дәріптейтін жаңа кеңістік ұсыну.

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

"Құрылыс жұмыстары барысында кесене маңы толық абаттанып, екі жаңа ғимарат салынады. Оның бірі – екі қабатты музей ғимараты. Бірінші қабатта мультимедиалық экспозициялар орналасса, екінші қабатта қазақ батырларына арналған тарихи зал ашылады. Музей замандық VR және AR технологияларымен жабдықталады" - деп атап өтті спикер.

Музейлендіру жұмыстары 2026 жылдың ақпан айында басталып, мамыр айында толық аяқталады деп жоспарланған.

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл жоба Алматының тарихи және туристік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, келушілерге Райымбек батырдың ерлік рухын жаңа форматта таныстыруға бағытталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: