Алматылықтарға Райымбек даңғылындағы шектеулер туралы ескертілді

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 11:08 Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылдың 14 мамырында Алматы билігі оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады. Оған себеп Райымбек батыр даңғылындағы ауқымды жөндеу жұмыстары, деп хабарлайды Zakon.kz.

AlmatyJoly Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Райымбек батыр даңғылында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Жұмыстар мына учаскелерді қамтиды:

  • Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы)
  • Розыбакиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы)
  • Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін
  • Байзақов көшесінен Галилейге дейін
  • Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы)
  • Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы)
  • Панфилов көшесінен Абылай ханға және Чайковскийден Желтоқсан көшесіне дейін

Не істеледі?

  • Ескі асфальт жабындысын алу
  • Тротуар плиткалары мен жиектастарды орнату
  • Демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер мен веложолақтар салу
  • Аумақтарды көгалдандыру

Жұмыстың мақсаты – балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қосқанда, барлық тұрғынға қолжетімді, заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық беру.

"Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", – деп жазылған ресми ақпаратта.

2025 жылдың 21 сәуірінен бастап Райымбек батыр даңғылында Алматыдағы ең ірі көлік жобаларының бірі BRT желісін жүзеге асыру басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: