Алматылықтарға түнде аяз болатыны ескертілді
Сурет: Zakon.kz
1 сәуірде Алматының таулы аймақтарында түнде аяз болады. Осыған байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 31 наурыздағы дауылды ескертуіне сүйене отырып, Алматының тауларында қатты жауын-шашын болжанғанын, желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кейде секундына 30 метр немесе одан да көп болуы мүмкін екенін хабарлады.
"1 сәуірде түнде 1-6 градус аяз болады", - делінген хабарламада.
Алматы қаласы ТЖД осыған орай таулы жерлерде жаяу серуендеуден бас тартқан дұрыс екенін ескертті.
"Сонымен қатар біз тауда жүрген туристерден барлық қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз".Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
"Көмек қажет болған жағдайда "112", "109" нөмірлеріне немесе "ҚР БҒМ РОСО" ММ кезекші-диспетчерлік бөліміне: 8 (727) 372-15-60 телефоны бойынша хабарласу қажет", - деп қосты департамент.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31 наурыз күні таңертең Алматыда ауа райы күрт бұзылған – мегаполистің басым бөлігін қалың тұман басқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript