Алматыда жылу тарифі қымбаттауы мүмкін

Жылу тарифі, жылу жүйесі, күз, жылу батареясы , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 16:14 Сурет: wikimedia
Алматыда жылу тарифін көтеру жоспарланып отыр. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС тиісті өтінімді жақын арада бермек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2025 жылғы 9 қазанда өткен өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомство директоры Алтай Рахымбетов мәлімдеді.

"Өздеріңіз білесіздер, қазір стратегиялық тауарлардың бағасы өсті. Жылуға қатысты айтсақ: "Жылу электр станциялары" мен "Теплокоммунэнерго" тарифтерді көтерді. Сонымен қатар электр энергиясының бағасы да қымбаттады. Сол себепті біз бұл мәселені Монополияға қарсы комитеттің қарауына ұсынғалы отырмыз, әрі қарай шешімді солар қабылдайды", – деді ол.

Оның айтуынша, тарифті көтерудің негізгі себебі – кәсіпорынның шығындарын жаба алмауы.

"Басты себеп – біз жылуды станциялардан жоғары бағамен алып отырмыз, ал өзіміз тарифті әлі көтерген жоқпыз. Сол себепті қазіргі тариф шығынды жаппай отыр. Сондықтан біз өтінім беретін боламыз", – деді Рахымбетов.

Айта кетейік, Алматыда жылыту маусымы басталып кетті. 8 қазанда жылу алдымен әлеуметтік нысандарға – балабақшалар, мектептер және медицина мекемелеріне берілді. Ал 10 қазанда қаланың қалған ғимараттары жылуға қосылады.

Айта кетейік, Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2025 жылғы 24 қыркүйекте ағымдағы жыл соңына дейін Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтері көтерілмейді деп мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: