Алматыда тұрғындардың өтінішімен жаңа автотұрақтар пайда болады

Парковка, паркинг, парковочное место, парковочные места, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 16:40 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда заманауи әрі ыңғайлы автотұрақ жүйесін құру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Бүгінде қалада 18 мыңнан астам тұрақ орны бар, ал жыл соңына қарай олардың санын 30 мыңға дейін арттыру жоспарланып отыр.
"Ақылы автотұрақ көлік қозғалысын бақылауға және жүргізушілерді ереже сақтауға ынталандырады. Алматыда көлік санының көбеюіне қарай бұл маңызды іс-шара. Жоба тұрақ орындарын оңтайландыруға және қозғалысты жақсартуға бағытталған. Ақылы тұрақтар енгізу кездейсоқ қойылған көлік санын азайтады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы тұрақ қарастырылады", – деді Алматы қаласы "Алматы Паркинг" мекемесі директорының орынбасары Талант Тайнов.

Жақында Алмалы, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы көлік көп жүретін көшелердің бойында тротуар үлгісіндегі жаңа автотұрақтар ашылды.

Мұнда жақын маңда тұратын жандардың жайлылығына ерекше назар аударылады. Тұрақ 08:00-ден 19:00-ге дейін ғана ақылы, ал кешкі және түнгі уақытта тегін. Сонымен қатар, қазіргі уақытта тұрғындар үшін ай сайынғы абонементті енгізу мәселесі пысықталып жатыр. Яғни, жеңіл тарифті резиденттік келісім қарастырылуда.

Автотұрақ аумағын кеңейту қаланың орталық аудандарындағы кептелісті азайту жөніндегі кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Қажетті белгілерді орнату, белгілеу және ақпараттық тақтайшаларды монтаждау бойынша барлық жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға БАҚ арқылы алдын ала хабарланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: